Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    «Тиімді оқыту: оқыту әдістері мен тәжірибеде қолдану жолдары»


    «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспары және 2024 жылдың 22 сәуіріндегі №341 бұйрығы негізінде, Шу ауданы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебінде «Тиімді оқыту: оқыту әдістері мен тәжірибеде қолдану жолдары» тақырыбында САБАҚ ТІМЕ тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
    Семинардың мақсаты: Жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін арттыру және әдіс алмасу.
    Семинардың міндеті: Жаңашыл технологияларды пайдалана отырып іс- тәжірибе бөлісу.
    Осы семинарда мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.С.Кокимова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.А.Мустапаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С.Қайырбекова, химия пәнінің мұғалімі А.Ж.Оңғарбай, география пәнінің мұғалімі Д.А.Несипбаева және аудан мектептерінің ұстаздары сабақ өткізіп, өзара тәжірибе алмасты.
    Тәжірибе алмасу семинарына Шу ауданы білім бөлімінің әдіскерлері К.Садыгулова, Р.Мыктыбекова, А.Байжолова, С.Аметқызы қатысып, өз пікірлерін білдірді.
     
    23.04.2024
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру