"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Адал ұрпақ ерікті мектеп клубының жетекшісі: Бодаубай Мөлдір Маратқызының, клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен сәуір айында, 6 сынып білім алушыларымен «Адал жол-адал ұрпақ бастауы» тақырыбында дәріс сабағы ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: Мектеп оқушыларын адалдыққа, мәдениеттілікке, қамқорлыққа, сыйластыққа баулу. Жасөспірімдер арасында адалдық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Дәріс сабағы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестер берілді. Сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы бейнеролик көрсетіліп, пікір-алмасулар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, білім алушылар «Адал ұрпақ қандай болуы керек?» тақырыбында эссе жазды.