"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәрбие бөлімі мен мектеп медбикесі Н.Камелединованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында “Нашақорлыққа жол жоқ!” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Жасөспірімдерге есірткінің түрлері адам денсаулғына, психикасына кері әсерін тигізетіні жайлы түсінік беру.
Есірткіге әсіресе жастар тез тәуелді болатыны, есірткі әсерінен түрлі қылмысқа баруға болатыны, рухани, физикалық, психикалық жағынан адамға әсер ететіні жайлы түсінік беріліп, оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты. Оқушыларды есірткіні қолданудан алдын алу мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізді.