"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ТӘРБИЕ бөлім мен Шу АПб-нің ЖПҚ УПИ полиция капитаны А.Қ.Тойбаевтың ұйымдастыруымен “Темір жол қауіпті аймақ” тақырыбында балалар мен жасөспірімдердің темір жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында дәріс өткізілді.
Білім алушыларға қауіпті аймақтан сақтану жолдары, қауіпсіздік шараларын сақтауға дағдыландыру мақсатында және темір жолдың белгіленбеген жерден өтуге тыйым салынатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.