"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлттық киім-ұрпаққа мұра тақырыбында ұлттық киімдер шеруі өткізілді.
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін ояту. Эстетикалық тәрбие беру.
Шараға мектеп оқушыларының барлығы толық қатыстырылды. Оқушыларға ұлттық киімдер туралы айтылып, шағын сұрақтар қойылды.
Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, сезіне, түсіне білу адамның рухани өмірін байтады, қызықты етеді. Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудағы басты мақсат – оқушыларды өнер құндылықтарын жасақтауға қатыстыру, тіл, сөз өнерін дұрыс меңгерту, әдепті сөйлеуге баулу, олардың бойында адамгершілік эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті тудыру. Болашақ ұрпақ ұлттық киімнің қадір-қасиетін біліп, заман талабына сәйкес лайықтап киіп жүрсе, сөйтіп сан мыңдаған ғасырлардан бері келе жатқан ата-дәстүрі жалғасын тапса, ұлттық сәнге айналып, қалыпты нәрсе ретінде күнделікті өмірімізге енсе, нұр үстіне нұр болар еді.