1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан. Сондықтан - айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі.
Көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын! Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік!
Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!