"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 23 ақпан күні мектептің қызметкерлері мен 1-11 сынып оқушыларымен сейсмо-жаттығу өткізіліп, жер сілкінісі болған жағдайда эвакуациялық шараларға дағдыландыру, оқушылар мен мұғалімдердің жер сілкінісі кезіндегі, дейін және кейін дұрыс әрекетке дайындығын арттыру, оқушылардың іс-әрекеті практикалық жағдайда көрсетіліп, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерімен таныстырылды. Пән мұғалімдері төтенше жағдайлардың алдын алу ережелерімен танысқаны жөнінде баяндады.