"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде адал ұрпақ клубының жетекшісі М.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларымен Сыбайлас жемқорлыққа бәріміз қарсымыз тақырыбында бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заңындағы баптарға тоқталды. Оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтты.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін әшкерелейтін Бәрі де өз қолыңда, Жемқорлық – ғасыр дерті тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілімі оқушылар назарына ұсынылды.
Мақсаты: оқушыларды білімділік пен адалдыққа тәрбиелейтін, кез-келген уақытта ақшаға емес, білімге сенулеріне шақыратын, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бейне түсірілімі көрсетілді.