"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпан айының 1-29 аралығында мектебімізде Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің айлығы жарияланды. Ашылу салтанаты барысында оқушылар өлең-шумақтарын оқыды. Сонымен қатар мақал-мәтелдермен толықтыра отырып, логикалық сұрақтар қойылып, оқушылар өз деңгейінде жауап берді. Қазақ тілі мен әдебиеті айлығының ашылуы өз дәрежесінде өтті.