"Бала өмірдің қауіпсіздігі", "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Бала өмірдің қауіпсіздігі, Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектеп директоры С.О.Солтыбаев бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету: бала үйде, көшеде, көлікте жалғыз қалғанда, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірудің алдын алу және қатыгездік жасаудың алдын алу, оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ДТІЖО А.Н.Токеш «Мектеп, ата-ана, оқушы» үш арнаның тоғысуының нәтижесінде, тамыры терең тәрбие иірімдерінің тереңге тартатыны, баланы қалай тәрбиелесең, солай иілетіні, ертең есейгенде балалық шақта алған тәрбиесі-өміріне негіз болады деп, ата-аналарға баласының пікірі мен көзқарасын құрметтеуге және тәрбиесі мен қауіпсіздігіне бей-жай қарамау керектігін атап өтті.
Ата-аналар жиналысқа қатысып, берілген ақпараттарды тыңдап, өз ойларын ортаға салды.