9 және 11 сынып білім алушыларының ата-аналарына қорытынды аттестаттаудың өткізілу жолы туралы түсіндірме жұмыстары
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы наурыздағы N125 бұйрығы негізінде Шу аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Л.Д.Бегімбаеваның қатысуымен 9 және 11 сынып білім алушыларының ата-аналарына қорытынды аттестаттаудың өткізілу жолы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында әсіресе білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасына, қосымша білім беру курстарына қатысуға ерекше назар аударылды.