Бракеражды комиссия мүшелері асхананың жалпы жағдайымен танысып, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтану барысын тексеруі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бракеражды комиссия мүшелері асхананың жалпы жағдайымен танысып, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтану барысын тексерді. Тексеру нәтижесінде асхананың жалпы жағдайы мен санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, оқушыларға берілген тамақ нормаға және бекітілген ас мәзірімен сәйкес екені анықталды. Оқушылардың тамақтану жағдайы күнделікті бракераж комиссиясымен қадағаланып отырады.