"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шу ст. ЖПБ ӘПБ ҚБПТ-ның инспекторы полиция лейтенанты Ә.Ж.Мырзан және Шу ст. ЖПБ Отар ст. ЖПБ ППТ-нің полиция аға сержанты Д.Ж.Қапаштың ұйымдастыруымен 5-8, 9-11 сынып оқушылары арасында «Көліктегі қауіпсіздік» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Темір жол - қауіпті аймаққа жататындығы туралы түсінік беру. Жолда жүру ережесін есте сақтау, жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.
Мектеп оқушыларына темір жолдың қауіпті аймақ екенін, ондағы құрылғыларға қол сұғуға және рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу керектігін, ондағы қауіпсіздік шараларын орындау адам өміріне қауіпсіз болатындығын атап түсіндірді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында балалардың өмірінің қауіпсіздік дағдыларын балалық кезінен қалыптастыру қажеттілігі туралы айтылды. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін сақтау керектігі туралы түсіндірді. Үйде ата-ана, мектепте мұғалімдермен бірлесіп, балаларға жол ережелерін сақтау туралы күнделікті ескертіп отырсақ, балаларды жолдағы қауіпті жағдайлардан қорғай алатындығы туралы ақпарат берілді.