Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" тәрбие сағаты


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ⚜⚜16-желтоқсан Тәуелсіздік күні⚜⚜ мерекесі аясында ағылшын тілі пәнінің ұстазы Қ.А.Назарованың ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларымен ⚜⚜Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік⚜⚜ тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
    📌Ашық тәрбие сағаттарының мақсаты:
    Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл — қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Тәуелсіздік мерекесінің маңыздылығын оқушы бойына ұғындыру.
    ♻️Тарих бетіне үңілсек:
    16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 32 жыл толды. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы.
    ♻️Ұлттық мереке Тәуелсіздік-қазақ елі үшін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. ХХI ғасырдың ұлы жетістігі – қазақ халқы үшін егемендік алып, көк туымыз желбіреп, ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн. ⚜⚜Тәуелсіз елім⚜⚜ деген жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында.
    Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
    Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
    Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
    Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.
    Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
    Тәуелсіздік келешектің кепілі.
    Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
    Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.
    Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
    Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
    Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
    Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!
    @oqu_agartu_ministirligi
    06.01.2023
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру