Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    “Конго Қырым геморрагиялық қызбасы деген не?” түсіндірме жұмыстары


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп медбикесі Н.Н.Камелединова және Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 1-11 сынып білім алушыларымен “Конго Қырым геморрагиялық қызбасы деген не?” тақырыбында алдын алу, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    ♻️Білім алушыларға КҚГҚ белгілері, жұқтыру жолдары, кенені алып тастаудағы әрекет, сақтану жолдары туралы түсіндірілді.
    🔻Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары:
    - кене ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы – кене шағуының алдын алу;
    - шөпке отыруға немесе жатуға болмайды;
    - кененің шағуын болдырмайтын арнайы жабық киім киген жөн, қалпақты кобинезон шалбар, шұлық, манжетті жеңі бар көйлек;
    - кене жеңіл көрінетін ашық түсті киім кию қажет;
    - кенені қолмен ұстамаңыз, алып тастаған жағдайда әрқашан қолғап киіңіз;
    🛑Есіңізде болсын! Кене шағуы аса қауіпті инфекцияның – Қырым геморрагиялық қызбасының даму мүмкіндігімен қауіпті.
    15.05.2024
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру