“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" интелектуалды ойыны
Шоқпар ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ интелектуалды ойыны өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларды “Сөз мәйегі-мақал” дегендей ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Интеллектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрды. Оқушылар берілген сұрақтарға өз ойларын ашық жеткізе білді. Интеллектуалды сайыс бойынша Базаралы Аружан І орын, Саткен Әділжан ІІ орын, Өрікбай Жұлдыз алғыс хатпен марапатталды және білім алушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.