"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7 қыркүйек денсаулық күніне орай Басты байлық-денсаулық атты іс-шаралардың жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітілді. "Денсаулық күні" сағат 09:00-де мектеп ұстаздары мен оқушылары спорт алаңына сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сатыбалды Солтыбаев спорттық іс-шараларға қатысушыларды құттықтап, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға, жеке бас гигинасын сақтауға, дене шынықтырумен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге шақырды. Мектеп медбикесі Нүрия Камелединова "Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда!" тақырыбында баяндама оқыды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жарыстың өткізу ережесімен таныстырды. Денсаулық күні оқушылардың спорттық жаттығуларымен басталып, эстафеталық ойындар, спорттық жарыстарға ұласты. 8-сынып оқушылары флешмоб биледі.
Іс-шара соңы жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.