"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шу АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Қ.Тойбаевтың ұйымдастыруымен 6-8 сынып оқушылары арасында «Жолда жүру қауіпсіздігі» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын балалық кезінен қалыптастыру қажеттілігі туралы айтылды. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін сақтау керек. Үйде ата-ана, мектепте мұғалімдермен бірлесіп, балаларға жол ережелерін сақтау туралы күнделікті ескертіп отырсақ, балаларды жолдағы қауіпті жағдайлардан қорғай аламыз.