"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шу АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Қ.Тойбаевтың және Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында "Қиын бала болмайды" жобасы аясында, «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны жоспарына сәйкес, «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары, алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, тәрбиелі де саналы, білімді, дені сау, қайратты, елін, жерін қорғайтын, ата-ананы, үлкенді-кішіні сыйлай білетін нағыз ұлтжанды азамат болуға баулу, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.