"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 қазан - Халықаралық Қарттар күніне орай Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Қарттарым-асыл қазынам тақырыбында 9 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өтті. Тақырыпқа өзекті болған мәселе – қазіргі замандағы үлкен мәселелердің бірі қарттар үйінің көбеюі.
Мақсаты: білім алушыларды үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге үйрету.
Дөңгелек үстел барысында статистикалық мәліметтер, бейнероликтер, слайдтар, көрсетілді. Білім алушылармен пікір алмасылды.