"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік педагог А.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен 1-4 сынып білім алушыларына «Дұрыс тамақтану» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Оқушыларға тамақтанудың маңызы, тиімділігі туралы ақпарат беру.
Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:
ұстамды жеу керек;
тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;
тамақтану режимін сақтау қажет;
Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты. Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі екенін ұмытпайық!