«Құқықтық сауаттылық-заман талабы» түсіндірме жұмыстары
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Қиын бала болмайды” жобасы аясында, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында 8-11 сынып білім алушыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты:
Білім алушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
Білім алушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында Ата Заңымыз, ондағы адамның құқықтары мен бостандығы туралы айтылып өтті. Білім алушылар екі топқа бөлініп, сабақ жарыс түрінде өтті. Білім алушылар берілген сұрақтарға ұтымды жауап қайтарып, мақал-мәтел кезеңінен де сүрінбей өтті.