"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 қазан - Республика күні мерекесіне орай Менің
Тәуелсіз Қазақстаным! тақырыбында, көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Н.Т.Жұмырбаеваның ұйымдастыруымен 1 - 5 сынып оқушылары арасында сурет салу байқауы өткізілді. Отанға деген сүйіспеншілігін көркем суретпен жеткізе білген мектебіміздің жас суретшілері марапатталды.