"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шу АПб-нің ЖПҚ УПИ полиция капитаны А.Қ.Тойбаев пен мобильді топ мүшелері мектеп маңындағы дүкендерге күндізгі рейдтік тексеру, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмысы барысында дүкен иелеріне кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге ҚР әкімшілік кодексінің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 423-бабындағы есірткі, психотроптық заттарды сатпауға және ҚР әкімшілік кодексінің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 200-бабында Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу, спирттік өнімдерін 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынатындығы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.