⚜️⚜️Өнер – тұлғаның шығармашылық деңгейін дамыту кепілі⚜️⚜️ тақырыбындағы көркем еңбек және музыка пәндерінің аудандық семинар-практикумы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 27 қазан күні Өнер – тұлғаның шығармашылық деңгейін дамыту кепілі тақырыбындағы көркем еңбек және музыка пәндерінің аудандық семинар-практикумы өтті.
Мақсаты: Көркем еңбек және музыка пәндерін оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану;
Міндеті: Көркем еңбек және музыка пәндерін оқыту бағытындағы білімнің орны мен рөлін, заманауи талаптарға сәйкес мәселелерді талқылап жетілдіру;
Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Капсаланова Динара Биұзаққызы және мектеп директоры Солтыбаев Сатыбалды Орикбаевич семинардың ашылу салтанатымен құттықтады. Директордың оқу – тәрбие ісі жөнінен орынбасары Естемисова Гулим Махметжановна “Мәдени мұра пәндерінің тиімді оқытылу жолдары” тақырыбында баяндама оқыды. Мектеп психологі: Темирбекова Шайкуль Батырхановна “Сіз ғажайыпсыз!” атты тренинг жүргізді. Музыка пәнінің ұстазы А.А.Солтыбаева 2 а сынып оқушыларымен “Қорқыт – күй атасы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Көркем еңбек пәнінің ұстазы Н.Т.Жұмырбаева 9 а сынып оқушыларымен “Декор жасау және безендіру” тақырыбында ашық сабақ өтті. Семинар соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Қорыта келгенде, ашық сабақ өткізген ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.