31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ.
31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ.
Жыл сайын Қазақстанда 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіледі және қазақ халқының ұлттық сана-сезімі тұрғысынан маңызды күн болып табылады.
Осы аталған еске алу күніне орай тарих пәнінің ұстазы Д.М.Садвакасовтың ұйымдастыруымен 9-11 сынып білім алушылары арасында Қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қайраткерлері тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру.