⚜️⚜️Мектебім, саған мың алғыс!⚜️⚜️ тақырыбында соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша, Мектебім, саған мың алғыс! тақырыбында соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, мәдени құндылықтарды баланың бойына сіңіру. Жас ұрпақты туған жерін, туған елін құрметтейтін, саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.
Жиын барысында, мектеп директоры Сатыбалды Солтыбаев оқушылардың білім жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктеріне тоқталып, түлектерге ақ тілегін айтты.
Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынның құрметті қонақтары ретінде ауыл әкімі Рашит Шонбай, мектебіміздің ардагер ұстаздары, ақсақалдар алқасының төрағасы А.Д.Еркешов, қамқоршылық кеңестің төрайымы М.К.Бегимбаева, ата-аналар комитетінің төрайымы Б.С.Орманкулова шақырылды. Келген қонақтар оқушыларға сәт сапар тілеп, ізгі тілектерімен бөлісті.
Жиында мектепті үздік бітірген оқушылар марапатталды. Мектеп түлектері өнер көрсетіп, би билеп, ән шырқады. Мектептің “Алтын кілтін” 11-сынып оқушысы С.Доғдырбай өзінің ізбасары, оқу үздігі 10-сынып оқушысы Г.Қалтайға аманат етіп табыстады. 2023-2024 оқу жылындағы соңғы қоңырауды соғу құрметі 11-сынып оқушылары А.Базаралы, А.Көшкінбайға және 1-сынып оқушылары А.Кісебай, Ш.Абдуашқа тапсырылды. Жиын мектеп бітіруші түлектердің “Мектеп бітіру вальсімен” аяқталады.
11-сынып оқушылары мен ата-аналарына кешкі уақыттарда ойын-сауық орындарына бармау, қымбат көлік жалдамау туралы қатаң ескертілді.
Кешкі уақытта мектеп әкімшілігі, 11-сынып жетекшілері, АПБ инспекторымен бірлесіп, түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылатындығын ескертіп, оқушылардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда екендігін айтты.