"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4 маусым МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ орай жиын өткізіліп, рәміздеріміз дәріптелді.
Тарихқа сүйенсек, 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.
Мемлекеттік ту, елтаңба және әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Олар – мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі.