"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай 2024-2025 оқу жылының басталуына арналған Мектебім - мейірім мекені! тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. 2024-2025 оқу жылында 1 сынып табалдырығын 23 білім алушы аттады. Мектеп басшысы Сатыбалды Солтыбаев білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты жиынға ауылымыздың әкімі, ауылымыздың құрметті қонақтары шақырылды. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер өлең шумақтарын айтып, өз өнерлерін көрсетті. Алғашқы қоңырауды мектебімізден биыл түлеп ұшатын 11 сынып оқушылары Алтай Бекарыс пен Сәткен Әділжан және мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушылары Миллард Дильназ бен Қрықбай Хасина соқты.
Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!