5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай, "Тілім менің - тірлігімнің айғағы" тақырыбында онкүндігінің ашылуы
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде гуманитарлық бірлестігінің ұйымдастыруымен, 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай, Тілім менің - тірлігімнің айғағы тақырыбында онкүндігінің ашылуы өтті.
Онкүндіктің ашылуында оқушылар айтулы күннің тарихымен танысып, өлең жолдарын тарту етті.
Мақсаты:
көпұлтты елдің тұтастығын сақтау;
қазақ тілін дамыту және тарату;
жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын басқа ұлттардың да мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Тілді қадірлеп, қастерлеу – әрбір адамзаттың міндеті. Тіл жоғалған жағдайда білдей бір ұлттың жоғалатынын ұмытпай, алдыңғы буын кейінгі буынға әрдайым айтып отырса, жастардың өз халқының тілі, салт-дәстүрі, өнері, діні мен ділінің сақталып қалуына күресетіні сөзсіз. Өскелең ұрпақтың бойына аталған дүниелерді дарытуды мақсат етейік!