Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    «Дені саудың-жаны сау!»


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7 қыркүйек - Денсаулық күніне орай, «Дені саудың-жаны сау!» атты ұранмен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Мектеп директоры Сатыбалды Солтыбаев спорттық іс-шараларға қатысушыларды құттықтап, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға, жеке бас гигинасын сақтауға, спортпен шұғылдануға, мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге шақырды. Әрбір азамат спортпен айналысып, әртүрлі спорт секцияларына қатысып еліміздің дені сау, рухы күшті азаматы болып өсулеріне тілектес екенін білдірді. «Денсаулық күні» оқушылардың спорттық жаттығулар жасауымен басталды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жарыстың өткізілу ережесі таныстырылып, спорттық ойындармен жалғасты.
    06.09.2024
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру