Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    «Тиімді тамақтану» тақырыбында түсіндірме жұмыстары


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Тамақтану” жобасы аясында, әлеуметтік педагог А.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына «Тиімді тамақтану» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    🎯Мақсаты: Оқушыларға тамақтанудың маңызы, тиімділігі туралы ақпарат беру.
    ♻️Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:
    ✅ ұстамды жеу керек;
    ✅ тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;
    ✅тамақтану режимін сақтау қажет;
    Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезінде жақсы әзірленген және нәрлі тағаммен жабдықтау.
    Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты. Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі екенін ұмытпайық!
    30.09.2024
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру