Қыздарда кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту мақсатында, Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебінде "Қыздар сұлу көрінер қылығымен" атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 5-8, 9-11 сынып қыздарын Халықаралық қыздар күнімен құттықтады. Іс-шара барысында педагог-психолог Ш.Б.Темирбекова қыздармен тренинг жүргізіп көңіл-күйлерін көтерді. Іс-шараға белсене қатысқан қыздар ризашылықтарын білдірді.