"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қызға-қырық үйден тыйым тақырыбында "Қыз Жібек" қыздар клубының жетекшісі Бодаубай Мөлдір Маратқызы 9-11 сынып оқушы қыздарымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында баяндама оқылып, кеңестер берілді. Қыздарға тәрбиелік мәні бар бейнероликтер көрсетілді. Қыз бала тәрбиесі, өнегелі тәрбие беру жөнінде, қыз баланның жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген ортасының әсері күшті. Халқымыз көркіне ақыл-ойы, мінезі сай болуын қадағалаған. Қыз-қылығымен сүйкімді, Қызым үйде, қылығы түзде деп қыз тәрбиесінің ерекшелігіне аса жоғары мән беретіндігі туралы айтылды. Киім үлгісі мен шаш үлгісі бойынша осы уақытқа дейінгі даму өзгерістерін көрсете отырып, Қызға-қырық үйден тыйым яғни, қыздарға тәрбиелік кеңестер берілді.
Тақырыпқа байланысты қыздарға әңгіме, презентация көрсетіп, кеңестер берді.
Мектеп медбикесі Н.Камелединова және педагог-психолог Ш.Б.Темирбекова “Ерте жүктілік немен қауіпті?” деген сауал төңірегінде ой қозғап, қыздарымен пікір алмасты. Статистикалық мәліметтерді баяндап, ерте жүктіліктің қауіп-қатері өте зор және оның жауапкершілігі мол іс екенін тілге тиек етті.