”Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 8 қараша күні, Сыбайлас жемқорлыққа бәріміз қарсымыз тақырыбында бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.
️Адал ұрпақ клубының жетекшісі Бодаубай Мөлдір Маратқызы 5-8 сынып оқушылары назарына ұсынылған бейнеролик барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңындағы баптарға тоқталды, оқушылар өз ойларын, пікірлерін ашық айта білді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін әшкерелейтін, “Бәрі де өз қолыңда”, “Жемқорлық – ғасыр дерті”тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілімі оқушылар назарына ұсынылып, қорытындылай келе жемқорлықты болдырмау өз біліміңе, ақыл-ойыңа байланысты деген тұжырымдар айтты.
Мақсаты: оқушыларды білімділік пен адалдыққа тәрбиелейтін, кез-келген уақытта ақшаға емес, білімге сенулеріне шақыратын Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимылдар бейне түсірілімі көрсетілді.