"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог ұйымдастырушы М.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен Экстремизмге жол жоқ! тақырыбында 7 «А» сынып оқушылары арасында сынып сағатын өтті.
Мақсаты: мектеп оқушыларына діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресу жолдары, елімізге келтірілген зардаптарын жан-жақты талдап, оқушыларға түсінік беру. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, мектеп оқушыларын Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқушыларға әртүрлі ақпараттар беріліп, діни ақпараттандыру негізінде мақсат қойылып, оқушылардың өз жеке ойлары талқыланып, тыңдалды.