"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шу АПБ-нің ЖПҚБ ЮПБ полиция лейтенанты Н.К.Кумековтың ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Бөтеннің мүлкін ұрламау» тақырыбында профилактикалық алдын-алу жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың құқықтық білімдерін дамыту, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Профилактикалық алдын-алу жұмыстары барысында білім алушыларға зиянды заттарды қолданбау, бөтеннің мүлкін ұрламау жайлы айтылды.