"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік! тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі: А.Б. Туешиеваның ұйымдастыруымен 4 ә сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағатын өтті.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету;
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту;
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу;