🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай сынып жетекшісі С.С.Телеубаеваның ұйымдастыруымен 9 сынып білім алушыларына “Отбасы бақыт мекені” тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылып, өткізілді. 📌Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.