"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Балдырған жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі К.С.Клышпаевтың ұйымдастыруымен оқушылар бой жазу жаттығуларын жасады. Әлеуметтік педагог А.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен “Біз спортты жақсы көреміз” тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Педагог-психолог Ш.Б.Темирбекованың ұйымдастыруымен “Жіппен фигура салу” атты тренинг өтті. Информатика пәнінің мұғалімі А.А.Каирбекованың ұйымдастыруымен “Информатика әлеміне саяхат” атты сабақ ұйымдастырылып өткізілді.