Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    ⚜️⚜️Мектебім, саған мың алғыс!⚜️⚜️ тақырыбында оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша, ⚜️⚜️Мектебім, саған мың алғыс!⚜️⚜️ тақырыбында оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өткізілді.
    📌Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, мәдени құндылықтарды баланың бойына сіңіру. Жас ұрпақты туған жерін, туған елін құрметтейтін, саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.
    ♻️Жиын барысында, мектеп директоры Сатыбалды Солтыбаев оқушылардың білім жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктеріне тоқталып, түлектерге ақ тілегін айтты.
    ♻️ Салтанатты жиынның құрметті қонақтары ретінде ауыл әкімі Ильясов Нурлан Мырзакулович, ақсақалдар алқасының төрағасы А.Д.Еркешов, ата-аналар комитетінің төрайымы Б.С.Орманкулова және мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылды. Келген қонақтар оқушыларға сәт-сапар тілеп, ізгі тілектерімен бөлісті.
    ♻️Жиында мектепті үздік бітірген оқушылар марапатталды. Мектеп түлектері өнер көрсетіп, би билеп, ән шырқады. Мектептің “Алтын кілтін🔑” 11-сынып оқушысы Г.Қалтай өзінің ізбасары, оқу үздігі 10-сынып оқушысы Ж.Өрікбайға аманат етіп табыстады.
    24.05.2025
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру